jasqazaq.kz

Түркістан облысында сотталушы шеге жұтқанын видеоға түсіріп алды

03 қараша 2020, 15:14

Түркістан облысында жазасын өтеуші шеге жұтып қойған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Желідегі видеодан жазасын өтеуші түрме әкімшілігіне шағым айтып, наразылық ретінде 4 шегені жұтқан сәтін көруге болады.

«Мен түрмеге түскен соң, заңбұзушылықтарды көрдім. Менің прокуратураға түсірген шағымыма байланысты мекеме басшылығы мені кабинетке шақырып қорқытты. Олар мені бірнеше рет тергеу изоляторына қамады. Егер қайта шағым түсірсем, осында қамайтындарын айтты. Мен адамдардың назарын аударту мақсатында осы шегелерді жұтамын», — дейді автор.

Tengrinews.kz редакциясы бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми түрде сауал жолдады. Комитет жазасын өтеушіге медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, шегені Ибрагимов Б.Ж. есімді сотталушы жұтқан. Ол Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

«Оның денесінен заттар алынды. Оған рентген нәтижесі дәлел. Қазіргі таңда жазасын өтеушінің денсаулығы қанағаттанарлық», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, департамент бұл оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізілгенін атап өтті.

«Тергеу барысында ол бұл әрекетті әдейі істегені анықталды. Ол әрекетін видеоға түсіріп, оны желіге жариялау үшін туыстарына жіберген.

Қазіргі таңда сотталушы істеген ісіне өкінетінін, мекеме әкімшілігіне шағымы жоқ екенін айтты.

Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сотталушының заңсыз әрекетке барғаны және ұялы телефонды қолдануға мүмкіндік бергені үшін жауапқа тартылды. Телефонның мекемеге қалай келгені анықталып жатыр», — делінген ресми сауалда.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия