jasqazaq.kz

Түркістан облысында шетелдік ауыр жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті (Видео)

10 сәуiр 2022, 11:25

Ресейден Тәжікстанға шыққан ауыр жүк көлігі Түркістан облысында жүгімен бірге өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға түнгі сағат 21:00 шамасында болған. Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Самара-Шымкент тасжолының 73-шақырымында, яғни Жиенқұм ауылының маңында жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тергеу тобы алғашқы көмек көрсетіп, мән-жайды анықтапты. «Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде. Әзірге, тәжікстандық азаматтың басқаруындағы «Вольво» маркалы ауыр жүк көлігінің тіркеме баллоны тұтанғаны белгілі болды. Өрт дер кезінде өшірілмегендіктен тұрмыстық техникасымен бірге толықтай жанып кеткен»,- делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Материалдық залал келгенімен, адам шығыны жоқ. Жүргізуші өзімен бірге көліктің құжаттарын алып үлгерген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық