jasqazaq.kz

Түркістан облысында шенеунік журналисті өлтіруге 5 млн теңгеге тапсырыс берген

21 қантар 2022, 16:02

Түркістан облысында шенеунік журналисті өлтіруге тапсырыс берген. Ол сарыағаштық блогердің өмірін 5 млн теңгеге бағалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД бастығы Қайрат Дәлбековтың айтуынша, бүгінгі таңда аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталған. Оның бірі — аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы екені белгілі болған.

«Адам өлтіруге оқталған екі күдікті Шымкенттен ұсталды. Олардан заттай айғақ ретінде ВАЗ (2107/21110) маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмысты орындаушылар бұл автокөліктерді қылмыс жасағаны үшін берілетін ақшаға сатып алған. Сондай-ақ олардан 16 калибрлі патрондар алынды. Қазіргі уақытта Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі, яғни шенеуніктің осы қылмысқа тапсырыс бергені анықталды. Ол журналистің өмірін 5 млн теңгеге бағалаған», — деді Қайрат Дәлбеков.

Айта кетейік, 3 қаңтар күні Сарыағаш ауданында тұратын журналист Амангелді Батырбековтың үйіне шабуыл жасалып, оның баласы жарақат алған болатын. Сол күні полиция қызметкерлері бұл жайтты аудандық полиция бөліміне тіркеп, ҚР ҚК 24-99-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ұсталған бес адамның ішінде сол шенеунік, оның қол астында істеген соның жақын адамы, тапсырыс берген адам мен екі күдікті бар. Тапсырысты орындаушылар бұрын бізде есепте болмаған. Өз кезегінде тапсырысты орындаушылар ізін жасыру мақсатында Сарыағаш ауданынан Шардараға, содан соң Арыс арқылы Шымкентке жеткен. Қазір тергеу тобы тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс аясында қажетті процессуалдық әрекеттер іске асырылуда. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстың себептері мен барлық мән-жайы анықталады. Сот оларды қамауға санкция беріп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмысқа журналистің қызметі себеп болуы мүмкін деген болжам бар» — деді полиция генерал-майоры.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр