jasqazaq.kz

Түркістан облысында шекарадан есірткі өткізген шетелдік 7 жылға сотталды

26 қазан 2022, 12:49

Түркістан облысында шекарадан гашиш өткізген шетелдік 7 жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жібек жолы шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі өткізген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

«Өзбекстандық ер адам Қазақстаннан Өзбекстанға өтер кезде өзімен ірі мөлшерде салмағы 27 грамм болатын гашиш пен 5 грамм марихуана есірткісін заңсыз сақтап, тасымалдап алып өтпек болған. Құзырлы органның тексеруі оның арам ойын іске асыруға тосқауыл болды.

Анықталғандай, күдікті есірткілерді қағаздарға орап, шалбары мен оның киімінің ішіне жасырған. Мұны шекара қызметкерлері тексеру кезінде байқап, бірден оқиғаның мән-жайын анықтауға полицейлерді шақырған», — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) мен ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды. Іс құжаттарын жинақтады, сараптамалар тағайындады.

Қылмыстық іске соңғы нүкте қою үшін құжаттар сотқа жолданды. Сарыағаш аудандық соты 50 жастағы өзбекстандықты екі бірдей бап бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр