jasqazaq.kz

Түркістан облысында өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды

15 наурыз 2022, 16:34

Түркістан облысында өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Күйеуінің қызын зорлап жүргенін білген әйел Шымкентке қашып кеткен. Олар кінәсін дәлелдеп, қылмыскерді 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Ақтолқын есімді әйел 29 жасында тұрмысқа шығып, бір қызды дүниеге әкелген. Ал 4 жылдан кейін күйеуі жол апатынан қайтыс болыпты.

Арада 8 жыл өткен соң баласы әкесіз өспеуі үшін Түркістан облысы, Шаян ауылының тұрғынына екінші рет тұрмысқа шыққан.

«Мен оны өз баласындай жақсы көреді деп ойладым. Бірақ, бәрі олай болмады. Бірде дүкенге барып келсем, қызым үнсіз, көңіл-күйсіз отыр. Мен не болғанын сұрадым, ол үндемейді. Ал жаңа жылдың алдында жолдасым екеуміз оның сыныптастарына отырысқа бардық. Ол ішіп келіп, үйде жалғастырды. Осыдан кейін ол менің қызымды қорлай бастады. Мен оны қорғадым, ол мені ұрып, басымды қабырғаға соқты. Оянғанда оның қызыма не істегенін түсіндім», – дейді Ақтолқын.

Осы оқиғадан кейін жұмыссыз залым әке Ақтолқынның атынан 6 несие рәсімдеген. Ұрып-соғуын жалғастырып, үйдан шығармай қойған. Ал қызына өгей әкесі ұдайы қол көтерген. Әйел полицияға хабарласуға тырысқанымен бәрі нәтиже бермегенін айтады. Қолайлы сәт туғанда Ақтолқын қызымен бірге туыстарына қашып кетеді.

«Шымкентте тұратын ағама келдім. Қызым екеумізге не болғанын айтуға қорықтым. Ағама күйеуім маған 6 несие рәсімдеп, төлемегенін айттым. Осыдан кейін мен бірден осы дағдарыс орталығына келдім. Олар маған арыз жазғызып, бұрынғы күйеуімді 20 жыл темір торға отырғызуға көмектесті», – дейді Ақтолқын.

Дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпованың айтуынша, қылмыскерді чтүрмеге отырғызу үшін әділдікке жету оңай болмапты.

«Процесс өте ұзаққа созылды, жүйке тозды. Көптеген түсініспеушіліктер болды, олар істі жабуға тырысты. Бірақ, жақсы заңгердің арқасында ол 20 жыл лайықты жазасын алды. Алғашында сот-медициналық сараптамадан ол бас тартты. Ол бізге нақты мәлімет бермеді, бірақ біз сот-медициналық сараптама арқылы, іш киім арқылы дәлелдеуге қол жеткіздік. Олар шындықтың дәлелденгенін қаламады», – дейді дағдарыс орталығының жетекшісі Малика Жүсіпова.

45 жастағы Ақтолқын бір жылдан бері 14 жасар қызымен дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Әйел 6 несиенің 3-еуін жауып, сағатына 300 теңге жалақы алатын сауда орталықтарының біріне еден жуушы болып жұмысқа орналасқанын айтады. Ақтолқын бүгінде өз баспанасы болуын армандайды, қызының жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсуі негізгі армандарының бірі.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр