jasqazaq.kz

Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған түлектер анықталды

26 мамыр 2022, 15:50

Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған түлектер анықталды, жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының полицейлері тәулік бойы өңірдегі тәртіпті қадағалады. Соның ішінде мектеп бітірушілердің көлік картежін ұйымдастыруына жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізілді. Оның нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Леңгір қаласы көшелерінің бірінде BMW көлігінің терезесінен шығып алған түлектерді анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзған жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр