jasqazaq.kz

Түркістан облысында көкпар ұйымдастырылып, оған 100-ге жуық адам жиналған

07 қантар 2021, 11:49

Түркістан облысының полицейлері карантинге қарамастан көкпар өткізген тұрғынды анықтады.

Түркістан облысы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес облыс бойынша карантин режимін сақтау, яғни бетперде тағып жүру, арақашықты сақтау міндеттелген. Бүгінгі таңда осы талаптардың орындалуы тиісті органдардың қатаң бақылауында. Оның ішінде Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері арнайы құрылған мобильді топтармен бірге жүйелі жұмыс жүргізуде. Мысалы, Төлеби ауданының полицейлері карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып, өткізіліп жатқан көкпарды анықтады. Тексеру кезінде жергілікті тұрғынның Алатау ауылдық округі аумағында 100-ге жуық адамның басын қосып, көкпар жасағаны белгілі болды. Мобильді топ бірден шоғырланған адамдар тобын тарқатып, оларға карантин талаптарын бұзбау керектігін түсіндірді. Сондай-ақ көкпар ұйымдастырушысын жауапқа тартты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша іс-құжаттары жинақталып, СЭС-ке жолданды. Тұрғынға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия