jasqazaq.kz

Түркістан облысында құдықтан ер адамның денесі табылды

05 қараша 2021, 13:25

Түркістан облысында құдықтан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылымның мәліметінше, жергілікті тұрғын учаскелік полиция қызметкеріне хабарласып, жалғыз өзі өмір сүрген көршісінің белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін айтқан. Оқиға орнына учаскелік инспектор, капитан Берік Айдосовтың келген.

«Полиция қызметкері оқиға орнын мұқият тексеру кезінде үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын қан іздерін тапқан. Белгілі болғандай, марқұм екі метр тереңдікте қимылсыз жатқан. Ер адам көршісін бірден таныған», — дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәйітті қарау кезінде оның денесінен көптеген жарақат пен гематома анықталған. Бұл факт бірден Келес аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелген. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшыларының назарына марқұмның інісі түскен. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, жас жігіт туысының үйіне келген. Содан ер адамдар арасында жанжал шыққан. Салдарынан інісі ағасын аяусыз соққының астына алған. Ол ауыр қылмысты жасыру үшін оның денесін құрғақ құдыққа тастап, із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр