jasqazaq.kz

Түркістан облысында қатты желден бағаналар құлады

14 наурыз 2021, 14:53

Түркістан облысының кейбір ауданының тұрғындары жел мен жаңбырдың салдарынан жарықсыз қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, ауа райының күрт нашарлауы салдарынан (жел екпіні секундына 25-28 метрге дейін күшейіп, жаңбыр қарға ұласты) Түркістан облысының Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалаларындағы кей елді мекенде электр тасымалдау желілері үзілді.

Түні бойы және қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық» мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Бұл аумақтарда 20-дан аса бригада, 100-ден аса адам, 30-дан аса техника жұмылды. Жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі орган қатысқан штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникасы дайын», — делінген әкімдік хабарламасында.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия