jasqazaq.kz

Түркістан облысында қар құрсауында қалып қойған 35 жолаушы құтқарылды

28 қантар 2020, 14:09

Түркістан облысында қар құрсауында қалып қойған 35 жолаушы құтқарылды. Барлығы Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылына жеткізілген.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өңірдің таулы аудандарында ауа райының қолайсыздығы орын алған. Бұрқасын жел мен боран болып, көктайғақтан көліктердің қозғалуы қиындаған. Салдарынан кеше, 27 қаңтар күні сағат 22:30-да «Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған» тас жолының учаскесінде қозғалыс тоқтатылып, жол жабылған. Алайда артынша тас жолдың 80 шақырымында, Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында бірқатар көліктердің тұрып қалғаны белгілі болған. Оқиға орнына ТЖД 11 қызметкері мен 2 техникасы, әкімдік пен полицияның қызметкерлері, жергілікті тұрғындар барып, қарға малтыққан автокөліктерді шығарып алды. Құтқарылған жолаушылардың арасында 10 бала болған.

«Автожолдың тазаланған бөлігіне 6 жеңіл және 1 ГАЗель жүк көлігі сүйреп шығарылды. Ондағы жүргізушілер мен жолаушылар Ащысай ауылының тұрғындары екені анықталды. Олардың жағдайы ойдағыдай болғандықтан, медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада. Еске салайық, кеше оңтүстік өңірінде боран болып, қар жауғандықтан бірқатар жолдар жабылып қалды. Түлкібас ауданынан Жамбыл облысы бағытындағы Алматы – Термез – Ташкент тасжолының 594-634 шақырымында ауа райының қолайсыз болуына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды. Сондай-ақ, Көксәйек-Нысанбек-Тау самалы бағытындағы жолдың және Төлеби ауданынан Қазығұрт ауданына өтетін «Алғабас» асуының жабылғаны хабарланды.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық