jasqazaq.kz

Түркістан облысында қайынәпкесі келіннің бетін қызып тұрған шанышқымен күйдірген

21 шiлде 2021, 10:59

Түркістан облысында отбасылық жанжал барысында қайынәпкесі 40 жастағы келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірген. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Жәбір көрген Гүлзира есімді келіншектің туғаннан ақыл-есінде тежеуі болған екен. Ата-анасы бала кезінде қайтыс болып, жетім өскен. Журналистің сөзінше, қайынәпкесі оның көнбістігін пайдаланып, әбден қорлық көрсетіпті.

«Гүлзира туғаннан ақыл-есі кеміс, адам баласына агрессиясы жоқ. Еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды, кім не айтса соны істеп еріп кете береді. Ата-анасы бала кезде қайтыс болған жетім қыз. Өзі сынды жарымжан жігітпен бас қосты, 2 баланың анасы. Адам баласының көзіне тіке қарай алмайтын, өз сөзін жеткізе алмайтын келінге бәрінен бұрын қайын әпкесі Бағила қуанғандай. Бағила жекіп, ұрсып, кейіннен ұрып үйренді. Келін ешкімге айтпайды, не қашпайды, құда да тыныш құдағи да тыныш. Газ плитаны жумағанды көрсетем деп, шанышқыны отқа қақтап, бетіне басуы енді шектен шығу! Бұл сұмдықты да ешкім білмей өтер ма еді, сіңілісі кездейсоқ келіп қалып, үстінен түскен», — деп жазды Г.Әбіқай өз парақшасында.

Сіңлісі Гүлдарина әпкесін балаларымен бірге үйіне алып кеткен.

Azattyq-ruhy

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия