jasqazaq.kz

Түркістан облысында келін түсіріп, құдалық өткізгендер азаймай отыр

15 қазан 2020, 14:49

Карантин шараларын елемейтіндер қатары азаяр емес. Жақындары мен туыстарының басын қосып, көпшілікке той беріп, жиын жасап жатқандар әлі де кездеседі. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаментіне слітеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мәселен, Түркістан облысы Отырар ауданында карантин талаптарын өрескел бұзған 2 бірдей тұрғын анықталды. Оның бірі өз үйінің ауласында туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, беташар тойын жасаса, екіншісі өз үйінде құдалық өткізген.

Аталған екі жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен тіркеуге алынып, іс-құжаттары жинақталып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген рейд кезінде дәл осындай шектеу ережелерін ескермеген екі тұлға анықталды.

Екеуі де аудан мейрамханаларында қыз ұзату тойы мен құдалық жиынын өткізген. Өз кезегінде той иесі мен заңды белшесінен баса отырып, жалпыға ортақ ережені бұзған тойхана иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 425-бабымен құжаттар жинақталып, заңды шешім шығару үшін тиісті орынға жіберілді.

Облыс полицейлерінің айтуынша, карантин кезінде той-жиын, басқосу, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Оған қоса маска режимі мен арақашықтықты үнемі сақтау міндеттеледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде