jasqazaq.kz

Түркістан облысында іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды

17 желтоқсан 2018, 23:49

Түркістан облысында полиция іздеуде жүрген 8 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасына 700-ден аса полиция мен мен басқа да қызметтердің өкілдері қатысты. Нәтижесінде полицейлермен жалпы 104 қылмыс ашылды. Оның ішінде 19-ы бұрын жасалған қылмыс. Сондай-ақ іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды. Бұдан бөлек, есірткіге қатысты 2 күдікті ұсталып, 3 азаматтан заңсыз қару тәркіленді. Шара барысында полицейлер жалпы 3 196 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, қоғамдық орындарда мас күйде болған және ішімдік ішкен 147 ұсақ бұзақылықты тіркеді. ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған 127 жайт тіркеліп, 5 адам арнайы қабылдау орнына жөнелтілді. Ал, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 600-ден астам жүргізуші әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілікке тартылды. Жылдамдықты асырған 81 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, жолдың қарсы бетіне шығып кетуіне қатысты 14 оқиға тіркелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде