jasqazaq.kz

Түркістан облысында ХҚО-лар жұмысын қайта бастады

18 мамыр 2020, 14:24

Түркістан облысы бас санитарының шешімімен 18 мамырдан бастап аймақтағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жалғастыра бастады. Бұл жөнінде ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдегі вирустың таралу қауіпі әлі де сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін және оларды ұсыну форматын да қамтиды.

Енді азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі», электронды форматта қолжетімсіз қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алады. ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет.

Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді. Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі ұйымдастырылған. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және басқа жерлердегі өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Айта кетейік, айтылған жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты екенін айтты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдер қалаға қарағанда келушілер санының айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз, бұрынғы режимже жұмыс істейді.

«Сонымен қатар, қызмет алушылар электронды қызметтерді egov.kz порталында, eGov mobile, EgovKzBot мобильді қосымшаларының, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілерінде чат-боттар арқылы ала алады. Өңір тұрғындарына ыңғайлы болу үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарының санын көбейтеміз»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Ержан Жеңісбеков.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде