jasqazaq.kz

Түркістан облысында ер адамды атып тастады

17 қыркүйек 2019, 17:20

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауылында ер адамды атып кетті.

12 қыркүйек күні таңертең зардап шегуші орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Жігітке оқ тиіп, жарақат алған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Дәрігерлер жігіттің өмірін сақтап қала алмады.

«Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Қылмысты тергеу үшін тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер куәгерлердің бәрінен жауап алып, қаза болған жігіт араласатын адамдарды анықтады.

Үш тәуліктен соң күдіктілер ұсталды. Олардың екеуі Шымкент қаласының, ал біреуі – Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды. Күдіктілерден шолақ мылтық та табылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде