jasqazaq.kz

Түркістан облысында ер адам зейнеткер әйелді тірідей өртеп жіберді

06 сәуiр 2022, 11:08

Түркістан облысында Шымкенттен небәрі 30 шақырым жердегі Сайрам ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам зейнеткер әйелді тірідей өртеп жіберді деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.

Мәлімет бойынша, мұндай қатыгездікке баруына екі ер адамның екеуара жанжалдасуы себеп болған. Төбелесіп таяқ жеген ер адам ашуланып, өшін алу үшін бензин алып келген.

Терезені сындырып, аулада айқай салған. Сол сәтте үйден зейнеткер әйел аулаға шыққан. Ішімдік ішкен ер адам оған бензин шашып, өртеп жіберген.

Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті де ұсталды.

Олардың біреуіне қатысты ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот шешімімен одан кепіл алынып, үйіне жіберілді.

Екіншісіне қатысты ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Түркістан облысы полиция департаментідегілер.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде