jasqazaq.kz

Түркістан облысында ер адам ағасының шөбін қасақана өртеп жіберді

29 маусым 2021, 15:21

Түркістан облысында ер адам ағасының шөбін қасақана өртеп жіберді. Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер азаматтың айтуынша, күндізгі сағат 14:30 шамасында үй ауласында жинаулы тұрған шөбі өртеніп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 200 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Ауданның полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні анықтап, ПБ-ға жеткізді. Тергеу барысында күдікке ілінген ер адам жәбірленушінің інісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Белгілі болғандай, ағайынды өзара шөпті бөлісе алмаған. Содан арада жанжал туып, күдікті соның салдарынан шөпті өртеп жіберген.

Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия