jasqazaq.kz

Түркістан облысында енесінің атына несие рәсімдеген келін ұсталды

11 сәуiр 2022, 10:51

Түркістан облысында енесінің атынан несие рәсімдеген келін ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс біреу оның атынан 250 мың теңге несие алған. Бұл туралы банктен хабар келгенде бірақ білген. Содан жергілікті тұрғын тез арада полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Тіркелген дерекке сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Қазығұрт ауданының полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол жергілікті тұрғын жәбірленушінің келіні болып шықты. Яғни, күдікті енесінің атынан несие рәсімдеп алған. Ақшаны өз қажетіне жаратқан. Қазіргі таңда жас келінге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр