jasqazaq.kz

Түркістан облысында «Енелер мектебі» ашылмақ

21 қыркүйек 2021, 17:51

Түркістан облысы, Келес ауданының ақсақалдары 48 баланың өміріне араша түсіп, жетімдіктен сақтап қалды. Осылай деген Ұшқын ауыл әкімшілігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жұмағұлов әкімдік жанынан құрылған ардагерлер кеңесі және әжелер кеңесінің бірқатар тындырымды тірліктерін ортаға салды. Басқосу барысында келестік ақсақалдардың ерлігі жайлы айтылды.

«Бүгінде жастар арасында қариялар тарапынан тәлімдік, тәрбиелік мәні бар үгіт насихаттарды жүргізудеміз. Бүгінгінің ойландыратыны – жас отбасылардың бұзылуы. Көңілге кірбің келтіретін оқиғаны алдын-алу бағытында әжелер кеңесімен бірігіп, жастардың шаңырағына барып, өнегелі әңгімелер айтудамыз. Бүгінде шаңырағы шайқалмақ болған 24 отбасы бізге жүгінді. Сол отбасыларды ақсақалдарымен бірлесе сабырға шақырып, ортаға алып мәселені шештік. Аллаға шүкір, олардан тараған 48 баланы тірі жетімдіктен сақтадық деп айта аламын», – дейді Лесбек Жұмағұлов.

Ақсақалдың айтуынша, ажыраспақ болғандардың арасында жасы 60 алқымдаған ел ағалары да бар екен. Олармен де түсіндіру жұмыстарын жүргізген кеңес төрағасы нәтижелі межеге қол жеткізіпті. Осы бағыттағы жұмыстар жетілдірілуде. Отбасы құндылығы мен ынтымағын сақтауда енелердің орны орасан екенін айтылған отырыста «Енелер мектебі» деген ұйым ашу туралы ұсыныс айтылды.

Azattyq-ruhy

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия