jasqazaq.kz

Түркістан облысында Дінмұхаммед Қонаевқа ескерткіш орнатылды

03 мамыр 2022, 17:09

Түркістан облысы, Төлеби ауданының Сарқырама елді мекенінде ғұлама ғалым, академик Дінмұхаммед Қонаевқа ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ мүсін орнатылған көшеге заңғар тұлғаның есімі берілді. Алқалы жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Түркістан облысының құрметті азаматтары Әбдіжаппар Оңалбаев, Исмат Тұрсынқұлов, Шәріпбек Жамалбек қатысып, кемеңгер тұлғаның өмір жолы жайында баяндады. Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев, мемлекет қайраткері Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Әбілқасым Досболов, аудан әкімі Төлеген Телғараев ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Айта кетейік, Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған ескерткіш ел азаматтарының ұйытқы болуымен демеушілік қаржыға жасалды. Қоладан құйылған, жалпы биіктігі 5 метрді құрайды.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр