jasqazaq.kz

Түркістан облысында браконьерлерден 44 келіге жуық балық тәркіленді

11 сәуiр 2022, 11:21

Түркістан облысының полицейлері Өтір-төбе ауылының жанында су қоймасынан балық аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олардан заттай дәлел ретінде екі қап қытай торын, резеңке қайық және 44 келіге жуық балық тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Полиция қызметкерлері күдіктілер одан әрі тергеу үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.

Түркістан облысы полиция депаратментінің баспасөз қызметі:

Аталған жайт ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша Жетісай АПБ СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, істің толық мән-жайы анықталуда.

Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғауға шақыра отырып, балық аулауға әуес тұрғындарға тыйым салынған уақыт аралығында балық аулаудан бас тартуды сұрайды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр