jasqazaq.kz

Түркістан облысында бірнеше ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды

26 сәуiр 2021, 12:54

Түркістан облысында бірнеше ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау инспекторлары және «Охотзоопром» қызметкерлері «Уылдырық» іс-шарасы кезінде олар «Қызыл кітапқа» енген ақбөкендерді заңсыз атып алған браконьерлерді қолға түсірді. Түркістан облысы ПД ЖПҚ-ның бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықовтың айтуынша, бірлескен рейдтік шара кезінде полицейлер күдікті болған мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысын байқайды. Сезіктілердің соңдарынан қуып, тоқтатады. Тексеру жүргізу кезінде екі ер азаматтың заңсыз аң атып алғандығын анықтайды. Яғни олардан «Қызыл кітапқа» енген 8 ақбөкеннің тұтастай еті алынды. Сондай-ақ 1 тіркелмеген аңшы мылтығы мен 14 ақбөкеннің мүйізі тәркіленді. Ұсталған екі азаматтың Созақ ауданының жергілікті тұрғындары екені анықталды. Олар Созақ аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабының 2 бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» және ҚР ҚК-нің 337-бабының 4 бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия