jasqazaq.kz

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген әрі ешкім ажыраспаған ауыл бар (Видео)

26 қыркүйек 2022, 16:33

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ажырасу саны азайған ауыл бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Түркістан облысында жыл басынан бері бір де бір қылмыс тіркелмеген, соңғы 5 жылда ажырасу мүлдем болмаған ауыл бар. Бұл – Жетісай ауданындағы Мақталы ауыл әкімшілігінде орналасқан Алмалы ауылы.

«Соңғы 6 жылдан бері ішімдік, темекі сияқты зиянды дүниелердің дүкен сөрелерінде сатылмауы – ауылдың берекесін кіргізіп отыр. Тиісінше, осы уақыт аралығында мұнда ажырасу жайттары болмаған. Бірде-бір қылмыстық құқық бұзушылық, яғни ұрлық жайттары болмаған. Ең бастысы, бір мыңнан астам шаңырақтың тұрғындары тыныш ұйықтайды», — деп жазады Polisia.kz.

Бұл ауылдың айрандай ұйып отыруына Ильяс Жабаев, Мұхит Джумабеков, Сапархан Каипов атты учаскелік полиция инспекторларының еңбегі зор. Ауылдың қай тұрғынын әңгімеге тартсаңыз, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігін, еңбекқорлығын, істеген жұмысын тізбектей жөнеледі.

Ауылдың бетке ұстар қарттарының айтуынша, полицейлер күнделікті жергілікті жұртшылықтың жағдайын біліп, үйді-үй аралап отырады. Тәртіпті қадағалап, елдің қорғаны деген атқа сай қызмет етеді.

Осындай қадағалау мен бақылаудың арқасында жастар жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстайды. Соның нәтижесінде үлкендерді сыйлап, ынтымағы жарасып отырған жайы бар.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр