jasqazaq.kz

Түркістан облысында бір жасар сәби коронавирус жұқтырды

03 сәуiр 2020, 22:32

#үйдеотыр

Түркістан облысының әкімдігі бүгін коронавирус жұқтырған адамдар туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 19 адам тіркелген. 1992 жылы туған науқас Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының тумасы Біріккен Араб Әмірлігінен келген азаматпен байланыста болған. 1991 жылы туған азаматша мен 2019 жылы туған нәресте Нұр-Сұлтаннан пойызбен келген азаматшамен жақын байланыста болған. Қазіргі таңда 10 науқас — Жетісай ауданында, Кентау қаласында — 2 адам, Арыс қаласы — 1, Мақтаарал -3, Ордабасы — 1 және Сайрам ауданында — 2 адамнан тіркелді. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмысы жүргізіліп жатыр.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық