jasqazaq.kz

Түркістан облысында балабақша мен 25 үйді су басты

08 қараша 2022, 10:48

Түркістан облысының Төле би ауданында толассыз жауған жаңбырдан кейін 25 жер үй мен балабақша ауласын су басты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖД-не сілтеме жасап.

7 қарашада сағат 17:30-дан бастап Түркістан облысында толассыз жауын-шашын болды. Салдарынан облыстың Төле би ауданында жекеменшік балабақша ауласы мен 25 жер үйді су басты.

Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Арнайы мобильді құтқару жасағы құрылып, іске қосылды.

«Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суды шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда 200-ден аса қап төселді. Су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсеу жоспарланып отыр», — делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазгидромет мәліметінше, 8 қарашада да өңірде нөсер жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку