jasqazaq.kz

Түркістан облысында автобус жолаушысынан 300 доза есірткі тәркіленді

29 сәуiр 2021, 12:06


Полицейлердің мәліметінше, Түркістан қаласында аса ірі көлемде героин тасымалдаған тұрғын ұсталды.

Есірткіні заңсыз сақтау және тасымалдау туралы ақпарат облыстың Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына түскен. Арыз бойынша бірден шұғыл қимылдар басталған. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тасжолымен қозғалған жолаушы автобустарын тексеруге кіріскен. Оның барысында «Алматы-Түркістан» бағытында келе жатқан автобустағы жолаушы әйел күдік тудырған. Тінту кезінде әйелдің сөмкесінен қағазға оралып, полиэтилен пакетіне салынған ақ-сұр түсті есірткіге ұқсас ұнтақ табылды. Сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 60 грамға жуық героин екені анықталды. Яғни героиннің бұл салмағы 300-ге жуық бірреттік дозаға тең. Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті әйел қамауға алынды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия