jasqazaq.kz

Түркістан облысында автобус аударылып, 21 адам зардап шекті

26 тамыз 2020, 11:33

Түркістан облысында 21 адам отырған жолаушылар автобусы аударылып кетті.

Полиция осы жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«26 тамызда сағат 6.30 шамасында Түлкібас АІІБ кезекші бөліміне ауруханадан Алматы-Ташкент-Термез тасжолының 649-шақырымында жолаушылар автобусының аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы болған жерге Түлкібас АІІБ жедел-тергеу тобы мен Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп, облыстық ТЖД қызметкерлері де келді. Полиция қызметкерлері мен ТЖ қызметкерлері жолаушыларға аударылған автобустан шығуға көмектесті, оларға сол жерде психологиялық және басқа да қажетті қолдау көрсетті», — делінген хабарламада.

Салонда болған екі адам — жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жатқызылған. Қалған 19 жолаушы, оның ішінде екі жүкті әйел медициналық көмек алу үшін Сайрам, Түлкібас аудандары мен Шымкент қаласының ауруханаларына жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жүргізуші көлік тізгінін басқара алмаған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық полиция департаментінің анықтаушылары жұмыс істеп жатыр. Бұл дерек Түлкібас АІІБ-не тіркелді. ҚР ҚК 345-бабы «Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу»бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», — деді полицейлер.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия