jasqazaq.kz

Түркістан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолдар жабылуда (Видео)

14 ақпан 2022, 18:05

Түркістан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолдар жабылуда.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, Түлкібас ауданында «Харгос-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» Республикалық маңызы бар А-2 авто жолының 593-619 км учаскесінде (Жамбыл облысының шекарасы-Түркістан облысы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды. Түркістан облысы Полиция департаментінің аудандағы полиция қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеп, жүргізушілер мен жолаушылардың жолдағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуде. Мамандар аса қажеттілік болмаса, жолға шықпау керектігін ескертіп отыр.

«Азаматтар күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алу керек. Баршаңызға қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Қыс мезгілі кезінде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде ауа-райын біліп алған жөн», — дейді полиция қызметкерлері.

https://youtu.be/83oQ-bk8-Ug

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр