jasqazaq.kz

Түркістан облысында әлі күнге дейін 81 елді мекенде жарық жоқ

15 наурыз 2021, 15:42

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, демалыс күндері болған қатты боранның салдарынан 2 мың 700-ге жуық электр бағаналары құлап, 25 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кентау қаласында да жылу қазандығы істен шығып, жергілікті халық екі тәулік бойы жылусыз қалды. Тек кеше кешкісін ғана қазандық қалпына келтіріліп, пәтерлерге жылу беріле бастады. Ал 81 елді мекенге жарық беру мәселесі әлі толық шешілген жоқ. Мамандардың айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Айта кетейік, боран салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылып, ондағы электр бағаналары құлаған еді. Салдарынан көлік кептелісі болып, бірнеше жол-көлік оқиғалары болды. Бүгіннен бастап, жағдай реттеліп, қазір барлық бағыттағы жолдар ашық. Иса Елеусізов, облыстық ТЖД бас маманы: – Қазіргі таңда Кентау және Арыс қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандарында 31 ауылдық округте 25559 абонент жарықсыз отыр. Ол жерде 2692 жоғары кернеулі бағаналары құлаған. Қазіргі таңда осыны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия