jasqazaq.kz

Түркістан облысында Әл-Фараби туралы деректі фильм түсірілуде

14 қыркүйек 2018, 12:39

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Әзімов пен философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Әлтаевпен кездесті. Басқосуда қонақтар Түркістанның тарихи маңыздылығы мен рөлі жайында сөз өрбітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс басшысы қонақтарға Түркістанды түлетуге бағытталған ой-пікір, жобаларды бірлесіп іске асыру қажеттігін айтты. Өз кезегінде режиссер Сергей Әзімов қазіргі таңда Отырар ауданында ғұлама ғалым Әл-Фараби хақында деректі фильм түсіріп жатқанын жеткізді. Алдағы уақытта Түркістан қаласы мен Ясауи жайында туындылар жасауға ниетті екенін білдірді. Онда Ясауи бабамыздың балалық шағынан бастап, тұлға ретінде қалыптасуы және сол кездегі Яссы өңірі жайлы тарихи туындыда ғұламаның қалыптастырған ілімі, мектебі, шығармалары қамтылатын болады. Сондай-ақ, осы күнгі Түркістанмен байланыстырып, күллі түркінің ордасына айналған Тұранның тарихы қамтылады. Кездесуде ғалым Жақыпбек Алтайұлы Түркістанның тарихына арналған халықаралық ғылыми жиындарды ұйымдастыру қажеттігін алға тартты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді