jasqazaq.kz

Түркістан облысында 60-қа тарта елді мекен әлі күнге дейін жарықсыз отыр

26 наурыз 2021, 14:27

Түркістан облысында бораннның кесірінен қараңғылық құшағында қалған 60-қа тарта елді мекен әлі жарықсыз отыр. Себебі мамандар құлаған бес мыңнан аса электр бағанасын жөндеуге тағы жиырма күндей уақыт керек. Ал, соңғы мәліметтер бойынша табиғи апаттан келген шығын көлемі әзірге 440 млн теңге шамасында.

Екі аптадан бері жарықсыз отырған Арыстанды ауылының тұрғындары қараңғы түнекте шаммен күнелтуден әбден шаршаған. Бәрінен бұрын ауылға келіп онлайн оқып жатқан студенттерге қиын тиюде.

Эльмира Құрманәлі, Арыстанды ауылының тұрғыны:

Қызылкөпірден бері қарай жарық жоқ, столбы деген қирап жатыр. Оны істеп жатқан не адам, не техника жоқ. Жарыққа шыдаймыз, бірақ оқитын балаларымызға қиын болып тұр.
Ауыл ішіндегі құлаған бағаналар да, үзілген сымдар да сол күйі жатыр. Келіп жөндеген бір адам жоқ дейді тұрғындар. Онсыз да қараңғылық құшағында қалған жұртты енді қымбатшылық бір бүйірден қысып барады.

Гулмира Шағырбаева, Арыстанды ауылының тұрғыны:

Ауылдағылардың мотор алуға шамасы жоқ мәселен. Бәрінде бес бала, алты баладан бар. Баласын киіндіре ма, мотор ала ма?!
Жарық беретін мотордың бағасы екі аптада екі есе өсіп кеткен. Кішісі 35 мың теңге, үлкені 550 мыңға бір-ақ шыққан.

Санжар Ақназаров, сатушы:

Күнде магазинде 2-3 мотор сатылып жүрсе, свет өшкеннен кейін он данаға дейін өтті. Жалпы свет өшкендер 80-90 мың теңгелік мотор алды. 100 мың теңгелік те мотор алды. Қазір де алып жатыр. Бұрынғыдан сұраныс артты.

Боранның салдарынан Ордабасы, Отырар, Бәйдібек пен Арыс сынды аудан-қалалардағы 93 елді мекен жарықсыз қалды. Қазір соның тек 34-де ғана бағаналар қалпына келтірілді. Қалғанына қашан жарық берілетіні белгісіз.

Роза Сариева, Түркістан облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
Елді мекендерде қатты жаңбыр жауды, сол жерлер батпақ, лай. Сол жерде техника кішкене қиналып жұмыс істеп жатыр. «Оңтүстік жарықтың» мәліметінше, осы елді мекендерді нақты қалпына келтіру 15-ші сәуірге дейін созылуы мүмкін деп отырмыз.

Құлаған бағаналарды жөндеуге «Кегок» пен «Оңтүстік жарық» компанияларының 500-ге тарта жұмысшысы мен жетпістен аса техникасы жұмылдырылған. Қаржы да бар. Тек ауа райы қолайлы болса болғаны дейді мамандар.

kaztrk.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия