jasqazaq.kz

Түркістан облысында 4 мыңнан астам жас әскерге аттанды

15 қантар 2021, 15:35

Түркістан облысында әскерге шақыру науқаны қорытындыланып, еліміздің қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдарға 4 мыңнан астам жас жіберілді. Бұл туралы өңірдің қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев мәлім етті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Нұрмаханбет Дүйсебаевтың айтуынша, әскерге шақырылушылар мен әскери қызметшілердің коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыруын болдырмауға мүмкіндік беретін санитарлық-эпидемиологиялық шаралар уақтылы жүргізілген. Сонымен қатар, жоғары білімді әскерге шақырылушылар мен облыста жұмыс істейтін әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында оқу мен шыңдаудан өткендердің саны артқан. Атап айтқанда, тек 2020 жылдың күзгі науқанында жоғары білімі бар 180-ге жуық азамат әскер қатарына алынған.

«Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2021 жылы шақыруды сапалы ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар берілді. Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін үздік басқармалар мен бөлімдер, жекелеген әскери қызметшілер мен қызметшілер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды»,- деді департамент бастығы.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия