jasqazaq.kz

Түркістан облысында 2 қарашадан бастап мешіттерде 5 уақыт намаз оқыла бастайды

30 қазан 2020, 12:10

Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткен болатын. Онда комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады.

Қабылданған шешім бойынша ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат берілді. Алайда мешітте 100 адамнан артық кісі болмауы керек. Сондай-ақ, адамдар бетперделік режиммен 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады. Түркістан облысы бойының бас имамы Мұсабек Ақтамберді карантин жағдайына байланысты әзірше жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды. Бұдан өзге, мешіт қызметкерлері мен келушілер міндетті түрде бетпердемен жүруі міндетті. Барлық мешіттердің намаз оқитын, құран оқитын бөлмелерінде антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Мешітке жеке құлшылыққа келген азаматтардың мешітте ұзақ уақыт болмауы керек. Мешіт дәретханалары карантин режимі аяқталғанша жабық тұратын болады.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия