jasqazaq.kz

Түркістан облысында 16 заңсыз ойын ұйымдастырылатын орын анықталды

20 қараша 2020, 11:08

Түркістан облысында «STOP-ойын» жедел-алдын алу шарасы аясында Сарығаш, Түркістан, Кентау және Жетісай қалаларында 16 заңсыз ойын орны анықталды.

Аталмыш шараны ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастырды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заңсыз ойын орындарынан 39 теледидар, 71 процессор, 69 монитор, чек шығаратын 25 принтер және 12 сканер, 1,2 млн. теңгеден астам ақша тәркіленіп алынды. «Осы негізде заңсыз ойын орындарының жолын кесу, анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Заңсыз ойын орындарының қызметін анықтаған жағдайда, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Түркістан облысы бойынша ЭТД 8 (72533) 3-29-87 сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз»,-делінген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия