
Түркістан облысының Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде жайра фототұзаққа түскен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, үнді жайрасы деп аталатын бұл жануар — аталмыш тұқымның Қазақстандағы жалғыз түрі. «Жуықта Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде үнді жайрасы көзге шалынды. Бұл жануар оңтүстікте, Маңғыстау мен Алатауда, Шу-Іле тауларында мекен етеді. Қызыл кітапқа енген. Теңіз деңгейінен 2000 метрден аспайтын таулы аумақтарды кездеседі», — дейді Сәкен Ділдахмет. Бұл оқиғаға айтулы жаңалық ретінде баға берген комитет өкілі жайраның өз ініне ерекше адал аң екенін айтады.
https://www.facebook.com/s.dildakhmet/videos/1326145924203622/