jasqazaq.kz

Түркістан облысы бала туу мен табиғи өсім бойынша көш бастап тұр

29 қазан 2020, 11:12

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны 2 036 029 адамды құрады. Оның ішінде қалалық жерде 412 819 адам (20,3%), ауылдық жерде 1 623 210 адам (79,7%) бар, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда халық саны 1,4%-ға өскен. Республика бойынша облыс туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1-орында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді. Бұдан өзге, 2020 жылдың ІІ тоқсанында Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы — 168 301 теңгені құраған.

«Ең жоғары орташа айлық жалақы Созақ ауданында — 243 324 теңге болып белгіленсе, ең төмен жалақы Сарыағаш ауданында – 137 498 теңге көлемінде. 2020 жылғы ІІ-ші тоқсанда ең жоғары айлық жалақы «Каржы және сақтандыру» саласында — 220 355 теңге болып белгіленсе, ең төмені «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» саласында — 70 121 теңге. Облыста азық-түлік тауарларының бағалары — 7,1%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 3%-ға, ақылы қызметтер – 5,5%-ға қымбаттаған», — деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 770 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі бойынша облыс республикада бірінші орынды иемденген. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіптің үлесі – 19,7%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 14,6%, білім беру – 12,7%-ды алып отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Түркістан облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі — 414 млрд 53 млн. теңгеге жетіп, 2019 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 66,7%-ға артқан. Негізгі инвестициялық салымдардың 86,2%-ын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия