jasqazaq.kz

Түркістан: моншада қызмет көрсеткен жезөкшелер ұсталды

07 сәуiр 2020, 11:11

Түркістан облысының полицейлері секс-притонды әшкереледі.

4 сәуірде Түркістан облысының Полиция департаментіне облыс орталығындағы моншалардың бірінде притон ұйымдастырылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетуін ұйымдастырып, үстінен сыйақы алып, жеңгетайлықпен айналысқан мекеменің иесін анықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер оқиға орнынан ақша тәркіледі. Полиция қызметкерлері тексеру барысында жеңіл жүрісті алты қызды анықтады. Олар Өзбекстан азаматшалары екені белгілі болып, Түркістан қаласының азаматтарды қабылдап тарату орнына қамауға алынды», — дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қолхатта. Тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтап жатыр.

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде