jasqazaq.kz

Түркістан халықаралық әуежайы қолданысқа қашан беріледі?

23 қантар 2020, 11:35

Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта Шаға елді мекенінен түркиялық «YDA Group» компаниясы халықаралық әуежайдың құрылысын жүргізуде. Қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайының құрылыс алаңында инвестордың 302 құрылысшысы мен 102 арнайы техникасы жұмылдырылған. Бүгінгі күні әуежай терминалының іргетасы аяқталып, ұшып-қону жолағына қажетті құмды-шағал тасты қоспаның бірінші қабаты төселуде. Сондай-ақ, рульдеу жолы мен перронның жұмыстары аяқталып отыр.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, әуежай жалпы 900 гектар аумақты қамтитын болады. Онда терминал, ұшып-қону жолағын және басқа да нысандарды салу жоспарланған. Халықаралық әуежай 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде. «YDA Group» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейннің айтуынша, Түркістан халықаралық әуежайы әлемдік стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынуда. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.

«Айта кетерлігі, Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан халықаралық әуежайға баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым. Әуежай жолын толығымен 2020 жылдың қыркүйек айында аяқтау көзделуде», — деді әкімдіктен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде