jasqazaq.kz

Түркістан әкімдігі желіде тарап жатқан видеоға түсінік берді

24 мамыр 2019, 11:27

Түркістан әкімдігі желіде тарап жатқан видеоға қатысты пікір білдірді. WatsApp, Instagram әлеуметтік желілерінде жұмысшылардың аяқ жол төсенішін жинап жатқан сәтінен видео тараған. Ролик авторы қалаға жоғары лауазымды тұлғалар келгенде төселіп, кеткенде жол тастары қайта алынып жатыр деп мәлімдеген.

Ал шаһар әкімдігінің өкілдері видеода түсірілген аумақ — Түркістан қаласы Тәуке хан даңылы мен Кенесары хан көшесінің қиылысы екенін айтады. «Қазіргі таңда Түркістан қаласының Тәуке хан даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қала аумағында нысандар салумен қатар жолдардың жөнделіп жатқанын да ел біледі. Аталған нысанға ҚР Премьер Министрі Асқар Мамин Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында бармаған. Яғни, Премьер-Министрдің сапарына арнайы салынды деген дерек — жалған», — деп мәлімдеді әкімдік өкілдері. Негізінде автор видеоға түсіріп жатқан сәтте мердігер мекеменің жұмысшылары өздері сапасыз орындаған 30 шаршы метр жуық аумақ аяқ жолды қайта төсеу мақсатында жинап жатқан екен. «Яғни Тәуке хан даңғылының Кенесары хан, Ыбраев кошелері аралығындағы 30 шаршы метр жуық аяқ жол төсеніші (Брусчатка) жиналып жатқан сәт жұртшылыққа тарап отыр. Бүгінде жиналған құрылыс материалдары талапқа сай реттеліп, (брусчатка) аяқ жолдың ақаулары түзетіліп, орнына қайта орнатылды», — деген әкімдік өкілдері жалған мәлімет таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілік арқалайтынын ескертті.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда