jasqazaq.kz

Түркіменстаннан 256 қандас көшіп келуде

13 мамыр 2021, 14:32

 

2021 жылғы 13 мамырда Түркіменстан Республикасынан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «Түрікменбашы-Болашақ-Жаңаөзен» бағыты бойынша Қазақстанға көшіп келеді. Бұл түркімен жерінен атажұртқа ат басын бұрған көштің екінші керуені екенін хабарлаймыз.

Арнайы пойыз ағымдағы жылы 12 мамырда сағат 17:20-да «Түрікменбашы» станциясынан шығып 13 мамырда сағат 12:00-де «Болашақ» станциясына, одан әрі «Жаңаөзен» станциясына 15:00-16:00 келуі жоспарланып отыр (анықтама: 8 жолаушылар, 2 жүк вагоны және 1 локомотиві).

Қандастырымызды қарсы алу жұмыстарын ұйымдастыруға ҚР Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрліктері, ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» КЕАҚ атсалысты.

Тарихи Отанына көшуге ниет білдірген қандастардың визалық құжаттары толық дайын және олардың COVID-19 індетіне қатысты тиісті ПТР тестілеудің анықтамалары бар.

Алдағы уақытта қандастар өздерінің қалауы бойынша еліміздің кез келген өңіріне қоныстана алады.

Елге келген қандастар солтүстік өңірлерге қоныс аударған жағдайда олар арнайы өңірлік квоталармен қамтылатын болады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия