jasqazaq.kz

Түркімен билігі жезөкшелерді мақта теруге мәжбүрлеуде

13 қыркүйек 2021, 16:33

Түркіменстанның Балқан уәлаятында полиция еңбек мигранттарын, араққұмарлар мен жезөкшелерді, сонымен бірге алимент төлемегендерді мәжбүрлі түрде мақта теруге жіберіп жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосының түркімен қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлері адамдарды бөлімшеге шақырып, олардан мақта теруге баруын талап етіп жатыр, деп хабарлады тілші.

Бұл азаматтарды Сердар этрапындағы «Азади», «Яшлык», «Сарп», «Жанахыр» диқан бірлестіктеріне, сонымен бірге Берекет этрапындағы «Узынсув», «Махтумкул» және «Түркіменстан» диқан бірлестіктеріне мәжбүрлі түрде мақта теруге жіберген, – деп хабарлады дереккөз басылым журналисіне.
Оның айтуынша, полиция бұны «еңбекпен түзету жұмысы» деп атап, оны «жазаның бір түрі» деп сипаттаған.

Бұның алдында Азаттық радиосының түркімен қызметі биліктің бюджет қызметкерлеріне мәжбүрлі түрде мақта тергізіп жатқанын хабарлаған.

Түркіменстан биыл 1 миллион 250 мың тонна мақта жинауды көздеп отыр.

Түркіменстанда мәжбүрлі еңбекті мақта теруде ғана емес, оны егу кезінде де қолданып жүр.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Түркіменстан билігін сынап отыр.

Responsible Sourcing Network ұйымының мәліметінше, биыл 10 тамызға дейін әлемнің 138 бренді түркімен мақтасын, содан жасалған тауарды сатып алудан бас тартты.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия