jasqazaq.kz

Түркі кеңесінде қандай құжаттар қабылданды?

03 қыркүйек 2018, 16:25

Бүгін Ыстық көлдің жағасында Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті өтті. Алқалы жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан мен Мажарстан басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевтің айтуынша, кеңеске мүше мемлекет басшылары бірлескен декларацияны қабылдады. Аталған құжатта атқарылған жұмысқа қорытынды жасалып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалған.

«Сонымен бірге, осыдан үш жыл бұрын Астанада өткен соңғы саммитте ел басшылары Түркі тілдес мемлекеттер интеграциясының тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынған болатын. Сол құжат дайын болды. Бүгін тұжырымдамаға қол қойылды. Бұл — өте маңызды құжат. Себебі, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығын дамытуды көздейді», — деді Б.Әміреев Түркі кеңесінің VI саммитінен кейін журналистерге берген сұхбатында. Бұдан бөлек, бүгін Түркі кеңесінің Бас хатшысы тағайындалды. Ал Мажарстанға бақылаушы мәртебесі берілді. Өзбекстан болса, кеңестің мүшелігіне өткен жоқ. Кеңес мүшелері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын да мақұлдады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді