jasqazaq.kz

Түріктер пилотсыз электрлі автобус шығара бастады

03 ақпан 2021, 10:06

Түркия президенті Режеп Тайып Ердуан дүйсенбіде алғашқы отандық пилотсыз электр автобусын сынақтан өткізді. Бұл туралы Аnadolu агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Karsan компаниясының пилотсыз электробусы ел президентінің әкімшілігі кешенінің аумағында таныстырылды. Қозғалыс барысында мүлдем дерлік дыбысы болмайтын автобустың ұзындығы 8 метр.

Түркия басшысы жыл соңына дейін ұзындығы 24 метрлік пилотсыз электр автобусын құрастыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Түркия электробустар нарығында лайықты орын алатынына сенімдімін. Жақында автобустардың сериялық өндірісі жолға қойылады», — деді Ердуан.

Сондай-ақ отандық пилотсыз электр автобустарын жаппай өндірудің арқасында Түркия әлемдік автомобиль нарығының осы сегментінде өз орнын табатынын, ал отандық компаниялар жаһандық брендтердің қатарына қосылады деген үмітін білдірді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде