jasqazaq.kz

Түрікменстанның жаңа президенті үкіметті отставкаға жіберді

20 наурыз 2022, 15:32

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды, деп жазды жексенбіде үкіметтің орыс тілді «Нейтральный Туркменистан» газеті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Түрікменстанның жаңа басшысы сенбіде ұлықтау рәсімінен кейін және Құрмет қарауылының сарбаздары мен қарулы күштер бөлімшелері шеруін қабылдағаннан кейін үкімет отставкасы туралы жариялаған. Газет «Президент Сердар Бердімұхамедов парадты қабылдап, жоғары мемлекеттік лауазымдағы міндетін бастау үшін «Огузхан» сарайы кешеніне барды» деп жазады.

«Мемлекет басшысы Түрікменстан Конституциясына сәйкес ел үкіметі мүшелерінің толығымен отставкаға кетуі туралы қаулыға қол қойып, оларға министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін орындауды жалғастыруды тапсырды», — деп атап көрсетеді басылым.

Еске салайық, Түркіменстанда 12 наурызда кезектен тыс президент сайлауы өткен болатын. Түрікменстанның сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы қаулысы негізінде 72,97 пайыз дауыс жинаған Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр