jasqazaq.kz

Түрікменстанда Жаңа жылдан бастап қара түсті көліктерге тыйым салынды

01 қантар 2018, 15:56

Жаңа жылдан бастап Түрікменстанда қара түсті көліктерге тыйым салынды, — деп хабарлайлы «Хроники Туркменистана».

Басылымның мәліметінше, қала көшелеріндегі қара түсті көліктер полицияның талабы бойынша тәркіленген немесе басқа жерге әкетілген. Бірнеше күн бұрын ғана көліктер иелеріне қайтарыла бастапты. Алайда иелері көлікті ақ немесе ашық түске бояу туралы қолхат жазуға мәжбүр болған. Сөйтсек, 2018 жылдың қаңтарынан бастап қара түсті көліктерге тыйым салынған екен. Осындай жаңа талаптан кейін елде көлік түсін өзгерту құны екі есе қымбаттап кеткен, бұрын көлік бояу құны 500 доллар болса, қазір 1000 долларға дейін жетіпті. Алайда ел билігі қара түсті көлікке не себепті тыйым салынғаны жайлы мәлімдеме жасамаған. Жергілікті басылымдар Түрікменстанға 2016 жылдың қаңтарынан бастап қара түсті көлік кіргізуге тыйым бар екенін еске салып отыр. «Ақ — Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің сүйікті түсі екенін айтып өту қажет, ол ырымдар мен жоралғыларға сенеді», — деп жазады басылым.

Tengrinews.kz 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды