jasqazaq.kz

Тұрғындар 20 жыл бойы су сатып алуға мәжбүр (видео)

12 мамыр 2021, 10:34

Алматы облысы Жаңатұрмыс кентінің тұрғындары 20 жыл бойы су сатып алуға мәжбүр. Бұған дейін елді мекенде жаңа су құбырлары тартылған. Бұл туралы  AstanaTV хабарлайды.

Телеарна мәліметі бойынша, жергілікті тұрғын Аружан Балабекова айына 100 мың теңгені тек су сатып алуға жұмсайтынын айтқан. Ол су құбыры күн сайын жарылатынын және ондағы суды ішуге болмайтынын айтты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, су таза емес.

Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары лас судың өзін сирек көретінін айтқан. Олардың айтуынша, бес мың тұрғынға екі су тасығыш көлік бөлінген.

«Адамдар водовозды қуып жүреді. Оған жету мүмкін емес», — дейді тұрғын Нелли Пак.

Алматы облысы Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы су тасушы көлік адамдар үйде болмаған кезде келетінін айтты.

«Көбі жұмыста болады, келгенде, көлік жоқ. Мұндай сәт бәрінде болады. Су жеткізуші ұйым тарапынан ешқандай проблема жоқ», — деді ол.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, жергілікті билік келесі жылы мәселені толық шешуге уәде берген. Бірақ оған әлі ақша бөлінген жоқ. Оған дейін тұрғындарға суды көлікпен жеткізіп отырады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия