jasqazaq.kz

Тұрғын үйдің лифтін аяқпен теуіп шақырған астаналық фельдшерге айыппұл салынды

02 ақпан 2022, 17:31

Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт батырмасын аяқпен теуіп басқан фелдьшерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. «Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жедел жәрдем қызметкерінің киімін киген адамның «Ақ дидар» тұрғын үй кешенінде лифт панелін аяқпен басып, лифт шақырған видеосы табылды. Полицейлер видеодағы жігіттің 24 жастағы фельдшер екенін анықтады. Оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша тәртіп бұзушыға 5 АЕК (15 315 теңге – ред.) көлемінде айыппұл салынды», — деп жазылған мәліметте. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғын үй-жайларды бүлдіру және айналадағыларға құрмет білдірмеу, қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да әрекеттер жауапкершілік арқалататынын ескертіп отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық