jasqazaq.kz

Тұрғын үйдегі жарылыстан 6 адам ауруханаға түсті

19 қараша 2017, 17:03


18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Табын Бөкенбай батыр көшесі, 3-үйде болды. Жарылыс салдарынан тұрғын үй мансардасының фронтоны опырылып құлаған.

85 пайыз денесін күйік шалған аяғы ауыр 1980 жылғы әйел облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Денесінің 3-5 пайыз бөлігі күйген 1976 жылы туған ер адам мен табиғи газбен орта дәрежеде уланған 1955 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға түсті. Сондай-ақ осы үйден үш бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералиннің айтуынша, қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан жүкті әйелдің жағдайы ауыр.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті