jasqazaq.kz

Тұрғын үй жалдау субсидиясына кімдер өтініш бере алады?

01 ақпан 2022, 10:53

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында тұрғын үй жалдау субсидиясына кімдер өтініш бере алатынын түсіндірді.

Оның айтуынша, өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар мыналар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) отбасының жиынтық табысының соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын болуы;

3) тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте кезекке қойылғанын растау;

4) тұрғын үй иесі мен өтініш беруші арасында жасалған шарттың болуы. Төлемдерді тағайындау үшін өтініш беруші банкке ЭЦҚ арқылы:

1) төлемдер тағайындауға өтініш;

2) тұрғын үйді жалдау шартын қоса береді.

«Қалған құқық белгілейтін құжаттар тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын болады. Отбасы банк ұсынылған құжаттардың сәйкестігін қарайды және тексереді және растаған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде жалдау төлемдерін аударады», — деді Қайырбек Өскенбаев.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде