jasqazaq.kz

Тұран жолбарысын қайтару жобасы қаржыландырыла бастады

16 сәуiр 2018, 11:59

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте QazaqGeography басқарушы кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин тұран жолбарысын қазақ жеріне қайтару жобасы бойынша дайындық жұмыстары жүргізіле бастағанын айтты.

«Бұл бастама 2013 жылдан бері талқыланып келеді. Биыл мемлекет тарапынан нақты қолдау жасалды. Бюджет нақтыланды. Осылайша, біз Тұран жолбарысы реинтродукциясын бастап отырмыз. Бұл – оңай шаруа емес. Осы жылдан бастап, Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру шараларын бастайды. Осыған дейін Үкімет тек дайындық шараларына ғана қатысты. Ал енді қаржыландыруды қолға алғалы отыр», — деді ол.

Қанат Байғариннің айтуынша, қазақ жеріндегі соңғы Тұран жолбарысы 1950-жылдары атып тасталған. Алайда маманның пікірінше, жыртқыштың популяциясын жаңғырту үшін алдымен азық-түлік мәселесін шешіп алу керек.

«Жолбарысқа қорек болатын жан-жануарларының популяциясын ретке келтіру қажет. Ал жануарлардың санын арттыру үшін жем-шөп те жақсы өсуі шарт. Тұран жолбарысы күніне 20-200 келі ет жейді. Сондықтан Іле-Балқаш резерватында қажетті қоректің көлемі болуы шарт», — дейді төраға.

Осы орайда ол аталған мәселені шешу үшін қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.

«Бастапқыда резерваттың территориясын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоғамдық ұйымдардың қыруар қаражаты жұмсалды. Қазақстанның географиялық қоғамы да атсалысты. Біз резерват территориясын xалықаралық сараптау шараларына қолдау білдірдік. Әрине, басты міндет — мемлекетті тарту. Себебі мемлекет болмаса, аталған бастаманы іске асыру мүмкін емес. Биыл республикалық бюджеттен 120 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы резерват территориясын жасақтауға жұмсалады», — деп түйіндеді сөзін Қанат Байғарин.

Айта кетейік, Іле-Балқаш резерватының жалпы ауданы – 423 мың гектар.

Дереккөз: Baq.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді